29
ноябрь
2019
«Жол-көлік оқиғасының болу себептері»
2019 жылдың 22 қараша күні оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін қалыптастыру, жолда абайлап жүруге баулу, көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу мақсатында 3-4 сынып оқушыларына «Жол-көлік оқиғасының болу себептері» атты бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик арқылы оқушылар, жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға үйренді.