Код сағаты 2019
Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында №1 жалпы білім беретін мектепте 2019 жылғы 4-15 желтоқсан аралығында «Қазақстандағы код сағаты» акциясы өтті
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламалауға деген қызығушылықты арттыру
Акцияда 3-4 сынып оқушыларына «Мен компьютерді білемін» және «Час кода 2019» атты тақырыпта сынып сағаты өтілді. 5-11 сынып оқушыларына информатика сабағы шеңберінде сабақ өтілді. Республикалық "Код сағаты" акциясы бойынша 5-11-сынып оқушыларымен XXI ғасырдың негізгі дағдысы -бағдарламалауға қызығушылықты тудыру,бағдарламалауды жасына, жынысына және ақыл жаратылысына байланыссыз әрбір адам үйрене алатынын көрсету, бағдарламалаушы жұмысымен таныстыру, бағдарламалауды үйренуге сәтті жағдай(оңды тәжірибе) жасау мақсатында сабақтар өткізілді.
5-6 сынып оқушыларымен «Код сағаты», 7-8 сынып оқушыларымен « Робот бағдарламаушы»,
9-11 -сынып оқушыларымен «Алгоритм-бағдарламалау бастамалары» тақырыптарында сабақтар өтті. Бұл сабақ әр оқушыға өзінің бірінші кодын жазуға, бағдарламалау туралы бейне арқылы көріп, естуіне және технологияның біздің қоғамдағы бүгінгі рөлін талқылауларына мүмкіндік туғызды. Мұғалімдерге көмек ретінде сабақты өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалды. Әр оқушы және әр мұғалім белсенді жұмыс үшін сертификатпен мараппатталды.