





Оқу жылы да аяқталып, балалардың көптен асыға күткен кезекті жазғы демалыстары да келіп жетті. Барлық балалардың мақсаттары бір, ол – жазғы демалыстарын көңілді өткізу. Жер жүзінде бүлдіршідерге қуаныш сыйлаудан асқан бақыт жоқ болар. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыстарын ұйымдастыру біздің Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясының (ресурстық орталығы) да назарынан тыс қалмады. «Демаlike» мектеп жанындағы демалыс лагерінің ашылуы мерекесі болып өтті, Іс-шара барысында әр түрлі жастағы көптеген мектеп білім алушылары мен ата-аналар жиналып, мерекелік бағдарламаны тамашалады. Мектеп-гимназиямыздың директоры Бексултанова Мадина Болатқызы бүгінгі мерекемен құттықтап, бақытты балалық тіледі, Жүргізуші дайындаған әр түрлі қызықты ойындар көлік түрлерімен виртуалды қимыл-қозғалыспен балалар әр бекеттегі тапсырмалар орындап, "Қояндар" қолтырауын, "Крот", "Таңғажайыптар әлеміндегі Алиса", "Аю" қонаққа келіп, «Демаlike» лагерінің кілтін табу т.б. ойындар ойналды, өлеңдер айтылып, флешмоб биленіп, мерекелік көңіл-күйде болды.