«Қазақтың арысы, ұлттың намысы – Асанбай Асқаров» тақырыбында тәрбие сағаты » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақтың арысы, ұлттың намысы – Асанбай Асқаров» тақырыбында тәрбие сағаты
15
сентябрь
2025

«Қазақтың арысы, ұлттың намысы – Асанбай Асқаров» тақырыбында тәрбие сағаты

«Қазақтың арысы, ұлттың намысы – Асанбай Асқаров» 

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Асанбай Асқаровтың өмірі мен қоғамға жасаған еңбектері мен әдеби шығармаларымен кеңінен таныстыру, білім алушыларды Отанын сүюге, елжандылыққа, ерлікке, батылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында «Қазақтың арысы, ұлттың намысы – Асанбай Асқаров» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
«Қазақтың арысы, ұлттың намысы – Асанбай Асқаров»  Көрнекті мемлекет, саясат және қоғам қайраткері Асанбай Асқарұлы Асқаров Жамбыл облысының Мерке ауданында Тәтті ауылында 1922 жылы 15 қыркүйек күні туған.
1959-1965 жылдары Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1965-1978 жылдары Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1978-1985 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. Кезінде, 1946 жылдан бастап Мерке аудандық, Жамбыл облыстық комсомол комитеттерінің бірінші хатшысы болған. Мәскеу Орталық жоғары партия мектебін бітірген.
1954-1958 жылдары Красногор, Мерке аудандық партия комитеттерін басқарған. 1958-1959 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы болды.
1986 жылы Асқаровқа жалған жала жабылып төрт жыл абақтыда болып, кейін толық ақталып шықты. Абақтыдан босауына, жаладан ақталуына еліміздің жанкешті, сайыпқыран қайраткері Шерхан Мұртаза, Арғынбай Бекбосын, Марс Уркумбаев т.б. үлкен үлес қосты!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив