08
октябрь
2025
"Ата Заңды ұлықтаған ұрпақ" зияткерлік ойыны

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай “ «Ата Заңды ұлықтаған ұрпақ» тақырыбында 4-сынып білім алушылары арасында зияткерлік ойын өтті. 4 «А» сыныбы – «Қыран» тобы, 4 «Б» сыныбы – «Тапқырлар» тобын құрып сайысқа түсті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, Ата Заңды дәріптеу, білім алушылардың бойында жауапкершілік, адалдық қасиеттерді дарыту, Конституцияның қоғамдағы рөлі мен маңызын терең түсіндіру, зияткерлік қабілеттерін дамыту және патриоттық сана-сезімін қалыптастыру болды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды. Зияткерлік ойын 3 бөлімді құрады: «Бәйге», «Ойлан тап», «Кім жүйрік?». «Қыран» тобы өздерінің тапқырлығымен жеңіске жетті.