"Снюс деген не?"
«Снюс»
Жасөспірімдерге "снюс" өнімі туралы мағлұмат беру, денсаулыққа тигізетін қауіп- қатері туралы, салауатты өмір салтын ұстануға жол көрсету мақсатында 1ЖББМ «"Снюс" деген не?» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Ол есірткі тәрізді ылғалды темекі өнімі екендігін, құрамындағы никотин, әсіресе, жасөспірімдердің ағзасына өте зиянды екеніне, темекі тәрізді түтіні будақтамайтынын, кәмпит, сағыз, насыбай сияқты түрлері әрқалай болғанымен, зияны бір екенін, ерін қуысы «снюс» өнімін пайдаланғаннан кейінгі денсаулыққа зиянынды екеніне көз жеткізді. Сондай-ақ, 8 сынып оқушыларымен «Снюс-қауіпті!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қатысушы 8 сынып оқушылары өздігімен мәлімет жинақтап, «Снюс» өнімін қолданғаннан кейінгі адамның өсуінің баяулауы және тоқтауы, когнитивтік процестердің бұзылуы, зейін мен есте сақтау ының нашарлауы, жоғары тітіркенгіштік және агрессивтілік, иммунитеттің әлсіреуі және жұқпалы ауруларға сезімталдықтың жоғарылауы, ауыз қуысының, асқазан мен ұйқы безінің онкологиялық ауруларының даму қаупінің жоғарылығы - СНЮС қолданудан болатын ең ауыр зардаптар екендігін постер қорғау арқылы түсіндірді. Мектептің акт залында 9-10 сынып оқушылары «Чем опасен «СНЮС» для подростков?» атты плакаттар қорғап, 7 сынып оқушылары «Біз салауатты қмір салтын қолдаймыз!» атты флешмобын тартулады.