22
январь
2020
"Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!" спорттық- эстафеталық жарыстар
"Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!" спорттық- эстафеталық жарыстар
Оқушылардың спорттық ойындарға қызығушылығын, қозғалыс біліктілігін арттыру және өмірде белсенді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің арасында "Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!" атты спорттық- эстафеталық жарыстар өткізілді. "Достық", "Қыран", " Чемпиондар" командалары "Шар тасу", "Допты нысанаға түсіру", "Айналып өт", "Кім жылдам?", "Кім мықты?" кезеңдеріне белсене қатысып, нəтижесінде:
"Чемпиондар"– I орын "Қырандар" - II орын
"Достық" - III орын иеленіп, жақсы дайындықпен қатысып белсенділік көрсеткені үшін марапатталды.