02
декабрь
2020
"Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" атты кітап көрмесі
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 1 желтоқсан ҚР-ның Тұңғыш Президент күніне орай және мектептің тәрбие жоспарына сәйкес, мектеп кітапханашылары С.Мауленкулова, М.Қожайбаева өз оқырмандарына "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" атты кітап көрмесін ұсынады. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң, халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Ел елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен.Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.1991-жылы 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты! Қазақстан елі көркейе берсін, көк туымыз аспанда мәңгі желбірей берсін!