«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. 1991 жыл 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне қазақстан елін танытты десе болады. Осыған орай мектебімізде «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Елбасы тураы бейнефильм көрсетіліп, 2-3 сынып оқушылары арнау арнаса, 4 сынып оқушылары «Достық» биін билеп, «Елбасының сүйіп айтқан әндерін орындады. Мектеп кітапханасында «Ұлт көшбасшысы- Елбасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.