"Әр қадамыңды ойлап бас"коучингке анықтама
№ 1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған ЮНИСЕФ жобасы аясында диагностика,түзету жұмыстарын жүргізу,суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті анықтау мақсатында қараша өткізілетін айлық барысында "Әр қадамыңды ойлап бас"коучингке анықтама
Оқушыларға өзін –өзі бағалауда ерік–жігердің, адамгершіліктің, мақсаттың, күш-қуат және сана – сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, оқушылар бірін – бірі құрметтеуге, мектебі мен ұстаздарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында 10 сынып оқушыларына ZOOM платформасы арқылы коучинг өткізілді. Оған оқушылар түгелімен қатысты. Коучинг барысында «Австралияның жаңбыры» жаттығуы, «Австралияның жаңбыры» жаттығуы, «Мен ғажаппын» жаттығу тренингі өткізілді. Оқушылар белсене ат салысты. Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу. Сіздің саналы түрдегі өзіңізді мейлінше жақсы емеспін деген сеніміңіз, сіздің іс - әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да, әрдайым ол өмірде көрініс береді.
Өзіңді сүю туралы, біз өзімізді бар жанымызбен сүйіп және өзімізді құрметтесек, сонда өз іс - әрекеттеріміз бен қылықтарымызды қоштаймыз, біз адамдармен ең ғажап қарым - қатынас тудыра алатындығы, жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндігі, дене салмағымызды тұрақтандыра алатындығы, денсаулығымызды нығайта алатындай етіп ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамызды, өзіңді қабылдау және өзіңді қоштау - бұл жағымды өмірлік өзгерістер жасаудың кілті екендігі туралы кеңестер айтылды.