Суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті анықтау мақсатында қараша өткізілетін айлық барысында "Менің болашақ өмірім" атты тренингке анықтама
№ 1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған ЮНИСЕФ жобасы аясында диагностика,түзету жұмыстарын жүргізу,суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті анықтау мақсатында қараша өткізілетін айлық барысында "Менің болашақ өмірім" атты тренингке анықтама
Оқушылырдың бойындағы мазасыздану, қобалжу, үрейді азайтып сәттілікке бағыттау, ерік – жігерін өз қабілетін дамыту, өздеріне деген сенімділігін арттыру және жағымды көңіл – күй қалыптастыру мақсатында ZOOM платформасы арқылы 5 сынып оқушыларына тренинг өткізілді. Оған оқушылар түгелімен қатысты.
Өзара түсіністік пен сенімді арттыру мақсатында «Күн сәулелі алқап» жаттығуы ,кедергілерді жою, сенім мен түсіністікке негізделген жылы, достық қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында «Мен неге қол жеткізгім келеді!?» жаттығуы өткізілді. Оқушылар қызығушылықпен белсене ат салысты. Қатысушылардың өздерін, өз сенімдері мен көзқарастарын түсінулеріне көмектесу мақсатында шағын топтағы пікірталас өткізілді.
Қорытындылай келе, мен осы күн бейнесін қолыма алып сіздерге тілейтінім: Өміріңіз ғажайып мекеннің табиғатындай, жақсылыққа, бақытқа, қуанышқа, байлыққа толы болсын тренингімізді аяқтай келе, бір-бірімізге беру жылы сөздер айтып тренингті келесі кездескенше сау болыңыз деп аяқтадық.