№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 29 қазан «Қамқоршылар күні» мерекесіне орай «Аялы алақан» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: қамқоршыларды құрметтеу, олардың ата-аналық махаббат сезімін дамыту.
«№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы»
«Аялы алақан» тренинг туралы анықтама
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 29 қазан «Қамқоршылар күні» мерекесіне орай «Аялы алақан» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: қамқоршыларды құрметтеу, олардың ата-аналық махаббат сезімін дамыту.
“Кім екенін тап” ойыны. Әрбір ата-ана өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды — ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жүргізуші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.
“Көпір” ойыны. Еденге бормен “көпір” (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан ойыншылар “көпірден” құлап қалмай өтуі керек. Ойыншылар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.Ойыншылар ойынға белсенділікпен қатысулары сұралады.
“Құпия сөз” тренинг. Жетекші ата-аналарға арнап сұрақ даярлайды. Ата-аналарға аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Әрбір ата-ана ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтау керек. Баланы үнемі сыңай берсе, ол (жек көруді). Бала ызақорлықта өмір сүрсе, ол ( агрессивті болуға). Баланы кемсіте берсе, ол ( кінәлі сезіммен өмір сүру)