«№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» “Мейірімділік - жан шуағы” тақырыбында пікіралмасу тренинг » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» “Мейірімділік - жан шуағы” тақырыбында пікіралмасу тренинг
19
октябрь
2020

«№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» “Мейірімділік - жан шуағы” тақырыбында пікіралмасу тренинг

«№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы»

“Мейірімділік - жан шуағы” тақырыбында пікіралмасу тренинг 

№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың   19  қазан  күні “Мейірімділік -  жан шуағы” тақырыбында пікіралмасу тренингі   ZOOM платформасы арқылы 9, 11 сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: – Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық, құндылықтары түсініктерін кеңейту;. - Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден сақтануға үйрету. Адамдар арасындағы мәдениетті, сыпайы қарым-қатынас тұрғысындағы ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын, еркін жеткізе білуге үйрету – Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін, мейірімділікті нығайту. Пікіралмасу тренинг  барысында оқушыларға мынадай сұрақтар қойылды:

1. Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болу керек?

2. Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?

3. Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

4. Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

5. Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?

6. Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Абай атамыздың  14 сөзімен таныстыру

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асығыстық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың жүректісі мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив