21
декабрь
2020
«Сәкеннің өнегелі жолы» адалдық сағаты
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған дәстүрлі онлайн адалдық сағаты өтті.
Сәкен Сейфуллин – мемлекет және саяси қайраткер, ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының жандануы мен өркендеуі үшін өз өмірін қиған қазақ қайраткерлерінің тобына жатады.
Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі – жас ұрпақтың білім-ғылымына деген адалдығы. Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болған кезінде білім алушы жастарға алғаш рет шәкіртақы тағайындап, «қазақ жастары әлемнің мықты оқу орындарында білім алуы тиіс» деген идея көтерді.
Ол жас ұрпаққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды өзінің міндеті деп санады. «Әр азаматтың бір көзі оқу ісінде болып, соған қолынан келген жәрдемін тигізіп отыруы – мойынына артылған парыз. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жәрдем қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді», – деген жөн сөздері қоғам қайраткерінің биік өресін танытады.
Оның поэзиясының басты идеясы – дос қадірін білу, достыққа адалдық. Ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың аражігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлап өткен.
Жас ұрпақты париоттыққа, Отанын сүюге, халық тілегін іс жүзіне асыруда қандай қауіп қатерден де қорықпай, қиындықты жеңе білуді үлгі етуде Сәкендей тұлғаның орны ерекше.
Адалдық, кішіпейілділік, ар азығына кір келтірмеушілік, шыншылдық сынды құндылықтарды таза сақтап қалған тұлғасымен және көркем туындылары арқылы ол кейінгілерге – ұстаз.
Ел жастарына осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды.