24
декабрь
2020
«Абайтану әліппесі» интелектуалдық әдістемелік оқу тәрбие кешені
Оқушылардың Абай шығармалары арқылы дүниетанымын кеңейту, жан дүниесін байыту, Абай шығармаларының қуаты мен тәлімдік мәнін таныту, ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелері жас ұрпақтың білікті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Абайтану әліппесі» интелектуалдық оқулығының оқу-тәрбие кешенімен таныстырылым жасалды. «Абайтану әліппесі» интелектуалдық әдістемелік оқу тәрбие кешені «Жақсы бала», «Жақсы ұстаз», «Жақсы ата ана», «Жақсы құрбы құрдас» атты төрт кітаптан тұрады. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін, оқыту тәсілдері оқушыларға көрсетілді. Абайды тану, оның шығармаларын меңгеру арқылы өмірде өз қажетіне дұрыс қолдана білу – әрбір азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену, жан-жақты талдай білу, Абай тереңіне үңіле білу де бүгінгі ел болашағының міндеті болмақ. Әр адамның іздегенін табатын, оны өміріне тірек ете алатын, бағыт-бағдарын айқындай алатын қуат күші де осы Абай шығармаларында. Уақыт та, қоғам да ұлы Абай философиясын қажет етіп отырған шақта ұрпаққа ақын тағылымын үлгі ету, үйрету, өміріне азық етерлік білім беру – қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің мақсаты мен мұраты.