01
апрель
2021
"Кітап оқу және мәдениет күні
«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу сауаттылығын арттыру мақсатында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында, мектептің тәрбие жоспарына сәйкес "Кітап оқу және мәдениет күніне" орай, 1-4 сынып оқушылары арасында "Оқуға кеңес береміз!» оқырман күнделігі библиофреш өткізілді. Іс-шара барысында мектеп оқушылары өздерінің оқыған кітаптары туралы айтып, таныстырып мазмұны бойынша суретпен бейнелеп, оларды сыныптастарына оқуға кеңес берді