03
апрель
2021
«Тазалықты сақтау - ортақ іс» атты сенбілік
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Меркі ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 хаты негізінде 1 наурыз – 1 мамыр аралығында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша екі айлық іс - шаралар жоспарына сәйкес,«Тазалықты сақтау - ортақ іс» атты сенбілік өткізілді. Мектеп ауласын тазарту, қураған бұталарын кесу, талдардың түбін қопсыту, кездейсоқ қоқыстарды жою және тазалық жұмыстары жүргізілді.