№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 28 тамыз күні «Қашықтықтан оқыту кезінде ұстаздарға психологиялық жадынама» тақырыбында семинар-тренинг ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Семинарға 40 мұғалім қатысты.
«Қашықтықтан оқыту кезінде ұстаздарға психологиялық жадынама» тақырыбында өткізілген семинар-тренинг туралы мәлімет
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 28 тамыз күні «Қашықтықтан оқыту кезінде ұстаздарға психологиялық жадынама» тақырыбында семинар-тренинг ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Семинарға 40 мұғалім қатысты. Семинар барысында мектеп психологы Олжабай Елнура қашықтықтан оқыту кезінде педагог энергетикалық, физиологиялық жүктемелерді бастан откізетіндіктен, шаршау пайда болады, эмоциялық күйзеліске әкеп соғады. Осы кезде өзіңізге қалай көмектесу керек екендігін, шкаланың көмегімен педагог өзін тексеру және күту туралы айтылып, «Энергетизатор», «Піл», «Святоша» жаттығуларының денсаулыққа пайдалы тұстарын, тыныстау тәсілдері туралы кеңес беріліп, жаттығулар жасалынды.