"Қауіпсіз мектеп ортасы" атты Республикалық акция 2020 жылдың 10 тамызынан 20 қыркүйек аралығына жоспарланған.Осы акция аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.
2020-2021 оқу жылында №1 ЖББМГ « Қауіпсіз мектеп ортасы » атты тақырыпта ата- аналарға таратылған жадынаманың анықтамасы
"Қауіпсіз мектеп ортасы" атты Республикалық акция 2020 жылдың 10 тамызынан 20 қыркүйек аралығына жоспарланған.Осы акция аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. 12.08.2020 күні 1ЖББМГ сынып жетекшілері онлайн форматта "Бақытты балалық қауіпсіз ортадан басталады" атты тақырыпта ата-аналарға жиналыс өткізілді. Бұл акцияның міндеттері халықты құқықтық сауаттандыру, ата-аналардың міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Балалардың құқықтарын сақтау, жолдағы, көшедегі, үйдегі, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Карантин ережелері ескертілді, балаларға қатыгездікпен қарау заң аясында қудаланатыны туралы ескертілді. Ата-аналарға жаднамалар таратылды. Сенім телефондары туралы ақпарат берілді.