2020-2021 оқу жылында №1 ЖББМГ «Бақытты балалық қауіпсіз ортадан басталады» тақырыпта мобильді топпен өткізілген ата- аналар жиналысы
2020-2021 оқу жылында №1 ЖББМГ «Бақытты балалық қауіпсіз ортадан басталады» тақырыпта мобильді топпен өткізілген ата- аналар жиналысы туралы анықтама
1ЖББМГ 2020 жылдың 2 қыркүйек күні "Бақытты балалық қауіпсіз ортадан басталады" атты тақырыпта мобильді топ мүшелері ата –аналармен жиналыс жасалып, жаднамалар таратылды. Бұл іс-шараның мақсаты құқықтық сауаттандыру, ата-аналардың міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Балалардың құқықтарын сақтау, жолдағы, көшедегі, үйдегі, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қауіпсіздікті сақтау бойынша ақпараттандыру болып табылды. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз екендігі айтылды. Балаларға қатыгездікпен қарау, зорлық- зомбылық көрсету заң аясында қудаланатыны ескертілді. Сенім телефондары, сенім жәшіктері туралы ақпарат берілді.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз екендігі айтылды. Балаларға қатыгездікпен қарау, зорлық- зомбылық көрсету заң аясында қудаланатыны ескертілді. Сенім телефондары, сенім жәшіктері туралы ақпарат берілді.