№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында жетім және ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау жөніндегі «Мейірім » жобасына сәйкес, өткізілген тренинг
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында жетім және ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау жөніндегі «Мейірім » жобасына сәйкес, өткізілген тренинг туралы анықтама
2020 жылдың 17 қараша күні психологтар кабинетінде жетім және ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау жөніндегі «Мейірім » жобасына сәйкес мынандай іс-шаралар өткізіліп, «Мектепке жол» аясында «Аялы алақан» тренингі өткізіліп, әлеуметтік қолдау жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шараның мақсаты мейірімін төгіп, қамқорлық көрсетіп отырған ата-аналарын құрметтеу, оларға деген махаббат сезімін дамыту болып табылды.Бұл іс-шараға ата аналар,қамқоршылыққа алынған балалар қатысты. Балаларға тәрбие беру барысында мейірімділікті алға қоя отырып мақтау сөздерін көп қолдану керектігі айтылды. Баланы не үшін мақтауымыз керек? деген сұрақтарға жауап ала отырып Талектің жай басар, Мерейдің еркелігі басым екенін білді.«Құпия сөз”жатығуы жасалынды. Онда ата- аналарға аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылды. Әрбір ата-ана ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алып, жазылған ойларды аяқтады. Онда баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренетіні, бала ызақорлықта өмір сүрсе, ол агрессивті болуға үйренетіні, баланы кемсіте берсе, ол кінәлі сезіммен өмір сүретіні, баланы шыдамды болуға өсірсе, ол басқаларды түсінуге үйренетіні, бала түсіністік пен достықта өмір сүрсе, ол бұл әлемнен сүйіспеншілікті табуға үйренетінін әр ата – ана айтты. Ата –аналармен «Құм терепиясы» жасалынды. Онда үлкен отбасы екендіктерін көрсететін суреттер салынды.
Құрметті ата-ана! Сіздің өміріңіздің мәні – бала, сәні — бала. Салтанаты, махаббаты, мәртебесі — бала! қамқорлығымызды аямайық, ағайын!