№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында«Балалық шақты бірге қорғайық» онлайын – диалог алаңының өткізілгендігі
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында«Балалық шақты бірге қорғайық» онлайын – диалог алаңының өткізілгендігі туралы анықтама
2020 жылдың 6- қараша күні «Балалық шақты бірге қорғайық» онлайын – диалог алаңы (whatsApp) интернет желісі бойынша өтті. Отбасы тәлім -тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата- аналар ынтымақтастығын күшейту,оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін ұғындыру. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуіне ықпал ету мақсатында «Балалық шақты бірге қорғайық» онлайын – диалог алаңы 5 -11 сынып оқушылар арасында өткізілді. Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын жағымды суреттермен бейнероликтертердің көрсетілімі ұйымдастырылып,оқушылармен онлайн диолог жүргізілді. Оқушылар отбасындағы бақытты сәттерінен фота, видео коллаж жасап, әлеуметтік желілерге жүктеді.