№1 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында оқушылармен жүргізілген «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанын өткізу барысында 17.11. 2020 күні 1-11 сынып қыздарына "Жасөспірімдердің қауіпсіз жыныстық даму
№1 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында оқушылармен жүргізілген «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанын өткізу барысында 17.11. 2020 күні 1-11 сынып қыздарына "Жасөспірімдердің қауіпсіз жыныстық дамуы" кеңес беру туралы анықтама
2020 жылғы 9-20 қараша аралығында, «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанын өткізу барысында 1ЖББМГ – да 17.11.2020 күні 1-11сынып қыздарына, "Жасөспірімдердің қауіпсіз жыныстық дамуы" кеңес беру туралы ақпарат берілді. Жасөспірімдердің арасындағы жыныстық қолсұғушылықтың алдын алу бағытында оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, оқушылардың отбасымен жұмыс істеудің, ата – ана мен бала арасындағы жағымды қарым – қатынасты орнатудың тиімді әдіс – тәсілдерін, жаңа жолдарын іздестіру; баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау,оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою,салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, құқықтық біліктілігінің жоғары болуына қамтамасыз ету мақсатында кеңес берілді. Ата-аналарға кеңестер:
Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі. Жас баланың ерік-күші мен ұялшақтық сезімі, яғни, ары - оның адамгершілігінің сенімді сақтаушысы. Баланың кіммен кездесіп, кіммен достасып жүргенін біліп отырған жөн. Жасөспірім шақта бала ата-анасынан психологиялық тұрғыда ажырап, көп уақытын достарымен бірге өткізеді. Және бұл кезде онда еліктеу сезімі өте күшті. Ол қандай ортада болады, алкогольді ішімдік ішіп жүрген жоқ па? Қандай кітаптар оқиды, қандай сайттарда отырады, қандай телебағдарламалар көреді? Қандай фильмдерге барып жүр? Компьютер ойындарына, ойын автоматтарына әуес емес пе? Мұның бәрін бақылаудан тыс қалдырмаңыз.