Тәрбиелік іс-шаралар » Страница 149 » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өрлей бер, гүлдене бер, Қазақстан!" атты ұлттар достығына арналған аймақтық фестивалі
22
март
2021
"Өрлей бер, гүлдене бер, Қазақстан!" атты ұлттар достығына арналған
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жоспарына сәйкес, Меркі аудандық "Өрлей бер, гүлдене бер, Қазақстан!" атты ұлттар достығына арналған аймақтық фестивалінде №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушылары неміс халқын таныстырды. Неміс халқының салт-дәстүрін, ұлттық ойын түрлерін, өнерлерін көрсетіп қана қоймай, ұлтты жалпы, жан-жақты, қазақ халқымен ұқсастығы туралы айтып, достық әнін шырқап, таныстырды. Қазақстан - түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен.
"Bauyrsaq Party" атты видеоролик челленджі
21
март
2021
"Bauyrsaq Party" атты видеоролик челленджі
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жоспарына сәйкес," оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру, халықтың салт-дәстүрін құрметтеуге, қазақ халқының әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық өнерге баулу мақсатында мектепішілік өткізілген "Bauyrsaq Party" атты видеоролик челленджін 3"Г" сынып оқушысы Сатыбалды Назерке анасымен "Май бауырсақ" пісіріп жалғастырады!
«Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік концерт
21
март
2021
«Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік концерт
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектептің тәрбие жоспарына және Наурыз мейрамын өткізу тұжырымдамасына сәйкес, «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік концерт болып өтті. Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелгі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Наурыз – ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін кезеңі. Мерекелік концерттің шымылдығын керемет "Наурыз" әнімен театрландырылған көрініспен ашылып, мектеп-
"Bauyrsaq Party"
20
март
2021
"Bauyrsaq Party"
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектептің тәрбие жоспарына және Наурыз мейрамын өткізу тұжырымдамасына сәйкес, қазақ халқының ұлттық бренді - бауырсақтың түрлерін насихаттау мақсатында "Bauyrsaq Party" болып өтті. Қып- қызыл болып піскен бауырсақтарды, томпиып, торсиып дастарханның сəнін келтіретін шай бауырсақ, ши бауырсақ, жол бауырсақ, май бауырсақ, кеспе бауырсақ , ашыған бауырсақ түрлерін оқушылар көрсетіп, жасалу жолдарымен таныстырды. Ыстық бауырсақтар көрермендерге таратылды.
"Салт-дәстүрім-берекем" атты ұлттық салт-дәстүрлер шеруі
20
март
2021
"Салт-дәстүрім-берекем" атты ұлттық салт-дәстүрлер шеруі
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектептің тәрбие жоспарына және Наурыз мейрамын өткізу тұжырымдамасына сәйкес, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында"Салт-дәстүрім-берекем" атты ұлттық салт-дәстүрлер шеруі бастауыш сыныптардың қатысуымен өткізілді. Білім алушылар және ата-аналары "Шілдехана ", "Қырқынан шығару ","Бесікке салу","Тұсау кесу ","Ашамайға мінгізу" дәстүрлерін
2021 жылдың 19 наурыз күні 1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында 9-сынып  оқушыларымен "Адам саудасы қылмыс"   тақырыбында өткізілген сынып сағаттары
19
март
2021
2021 жылдың 19 наурыз күні 1 жалпы білім беретін мектеп-
2021 жылдың 19 наурыз күні 1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында 9-сынып  оқушыларымен "Адам саудасы қылмыс"   тақырыбында өткізілген сынып сағаттары   туралы анықтама Адам саудасы құрбандары болудан сақтандыру, ескерту мақсатында 2021 жылдың 19- наурыз күні 1 жалпы білім беретін мектеп- гимназиясында 9-сынып оқушыларымен " Адам саудасы қылмыс "  тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам саудасы (ҚР ҚК 128-бабы) және кәмелетке толмағандар
"Білемін!" шығармашылық аудандық экологиялық байқауы
19
март
2021
"Білемін!" шығармашылық аудандық экологиялық байқауы
Жас өлкетанушылар, жас экологтар мен табиғат зерттеушілерінің "Білемін!" шығармашылық экологиялық байқауда мектеп-гимназиямыздың 5"В" сынып оқушылары Алмасқызы Зере 1 орын, Писпекбай Ұлдана 2 орын, 6"В" сынып оқушысы Казбек Нурдина 3 орын иеленді.Жетекшісі: география пәні мұғалімі Г. Жабыкбаева. Жеңімпаздады және жетекшісін мектеп-гимназиямыздың директоры М.Б.Бексултанова марапаттап, облыстық кезеңдегі байқауда сәттілік тіледі
"Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев" тақырыбында тәрбие сағаттары
19
март
2021
"Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев" тақырыбында тәрбие сағаттары
Мұқағали - мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы-мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек! Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында "Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді
а "Батаменен ел көгерер"бата беру жарысы
19
март
2021
а "Батаменен ел көгерер"бата беру жарысы
Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, тілек білдіру. №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектептің тәрбие жоспарына және Наурыз мейрамын өткізу тұжырымдамасына сәйкес, мектеп оқушыларын бата беру рәсімімен таныстыру мақсатында "Батаменен ел көгерер" тақырыбында 9 сынып оқушылары арасында бата беру жарысы ұйымдастырылды. Онда сүндет той батасы, тұсаукесер батасы,
"Ұлттық ойын - ұлт игілігі" атты ұлттық ойындардың жарысы
19
март
2021
"Ұлттық ойын - ұлт игілігі" атты ұлттық ойындардың жарысы
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектептің тәрбие жоспарына және Наурыз мейрамын өткізу тұжырымдамасына сәйкес, ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан – ұрпаққа жетуін насихаттау мақсатында "Ұлттық ойын - ұлт игілігі" атты ұлттық ойындардың жарысы өткізілді. Ойын барысында "Шекемтас", "Бұқа тартыс", "Жамбы ату", "Асық ату" қазақтың ұлттық ойындардың шарты және мақсаты кеңінен түсіндіріліп, насихатталды.