22
апрель
2021
"Қауіпсіз маршрут" тақырыбында танымдық сабағы
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының тәрбие жоспарына сәйкес, мектеп жасындағы балалар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында «Назар аудар, бағдаршам!» айлығы аясында "Қауіпсіз маршрут" тақырыбында танымдық сабағы өткізілді. Білім алушыларға бүгінде адамзат өмірінің маңызды бөлшегіне айналған көліктердің жолда оқыс оқиғаларға тап болмауы үшін жол жүру ережелері ойлап табылғандығы, бұл тәртіпке жүргізуші мен жаяу жүргінші де бағынуы тиіс екендігін ескертіп, жол белгілері, жол қозғалысы ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі жайында ақпарат берілді.