«Кітап оқып, рухани бай бол!»
Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады. Кітап оқу