12
февраль
2025
Білім алушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектеп әкімшілігі тарапынан күнделікті бақыланады.
Сессия барысында магниттік мектептің білім алушылары үшін базалық пәндер бойынша күн сайын сыныптан тыс іс - шаралар мен тренингтер өткізіледі. Педагог психолог Б.Алипова күнделікті оқушыларға психологиялық қолдау көрсету жүргізіп, оқушылардың бейімділігі мен қызығушылықтарын анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар ұйымдастырады. 12.02. күні физика пәнінен " Жылу құбылыстары " тақырыбында Э.Джуанышеваның ұйымдастыруымен сыныптан тыс тренинг өткізілді. Қосымша білім беру педагогы О.Джолымбеков " Ұлттық ойын ұтымды" тақырыбымен спорттық жарыс өткізді. Білім алушылармен жүргізілетін жұмыстар мектеп әкімшілігі тарапынан күнделікті бақыланады.
















