"Туралықты тұғыр еткен ТӨЛЕ БИ"
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында білім алушыларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында "Туралықты тұғыр еткен ТӨЛЕ БИ" адалдық сағаттары өткізілді. Адалдық сағаты негізінде Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері жайлы, қазақ халқының ел үшін игі іс жасап ел ынтымағын асқақтатқан тарихи тұлғалардың нақыл сөздерінен үлгі алып , сөздік қорларының мол болуына, еліміздің тарихи құндылықтарын, халқымыздың әдеби бай мұраларын, шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуді үйренді.