Әдістемелік жұмыс
2017 жылғы 5-11 қыркүйек аралығында
«Отбасы-бақыт мекені» ( Семья-основа духовного возрождения)
республикалық апталық өтті
«Отбасы-бақыт
мекені» атты апталықтың іс-шаралар жоспарын жасалып, бекітілді. «Отбасы-шаңырақтың
айнымас тіреуі» атты 9 сыныптар арасында жауапты мұғалім Н.Игенбектің ұйымдастыруымен кездесу-пікірлесу
өткізілді. Осы іс-шараның «Ой қозғау» бөлімінде оқушылар отбасы,
отбасы тәрбиесі туралы ой бөлісті. Отбасына қамқорлық – Республикамыздың
негізгі міндеттерінің бірі. ҚР-ның Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана
мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болатындығын «Ата Заң» баптары арқылы таныстырды.
5 сынып оқушылары арасында «Мен, сен, ол-салауатты
жанұямыз!» спорттық отбасылық эстафетасында қазылар алқасы сайланып,сайыстың бес кезеңі таныстырылды.
Сайысқа қатысушылар өздерінің ұрандарымен, төсбелгісімен, бірыңғай спорттық
киімімен ерекшелене білді. Жолдыбаевтар жанұясы– «Атамекен» тобы, Молдали жанұясы – «Барыс»
тобы, Айтқазы жанұясы – «Жас Ұлан» тобы болып белсене қатысты. Әр кезең өте
тартымды өтті. Сайыс соңында әр қатысқан
отбасы мақтау қағазымен марапатталды. Сол сияқты 2 орыс сыныптарында (Б.Бабалиева) Моя семья –
мой дом родной» тақырыбымен
ата-аналармен әңгіме, 4 сыныптар (А.Өмірқұлова
З.Курбанова) «Отбасы-бақыт мекені» атты
флешмоб
1-4 сыныптарда «Отбасы-бақыт мекені» атты бірыңғай сынып сағаттары болып өтті
«Отбасымның бейнесі» және «Моя семья» тақырыбымен отбасы өмірін бейнелейтін отбасылық
фото-конкурс өткізіліп, бас жүлдені 6 «А» сыныбы жетекшісі Ж.Нұрланқұлова, І орын 6 «Б» сыныбы жетекшісі А.Кемелова, ІІ орын 5 «А» сыныбы жетекшісі Ш.Мамырбаева, ІІІ орын 11 «Б» сыныбы жетекшісі Ш.Бердібаева иеленіп, марапатталды.
Сондай-ақ, Бекжанова Манат, Арыстанбекова Индира, Искакова Жеміскүл жетекшілік ететін 8 сыныптар арасында «Әр отбасы-бір әлем» тақырыбында отбасылық сайыс өтті. Бес бөлімнен тұратын сайысқа ата-аналар балаларымен қатысты. Сайысты Бекжанова Манат жүргізді.
Сайыстың нәтижесінде қазылар алқасы бірауыздан «Білімді», «Ұйымшыл», «Ізденімпаз», «Өнерлі», «Шығармашыл» номинацияларымен әр отбасы мүшелері марапатталды.
\