Қамқоршылық кеңестің жоспарға сай № 7 отырысы » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңестің жоспарға сай № 7 отырысы
27
декабрь
2018

Қамқоршылық кеңестің жоспарға сай № 7 отырысы

№1 жалпы білім беретін мектебі
Қамқоршылық кеңестің жоспарға сай №1 отырысы
№ 1 хаттама
Сармолдаев ауылы 27 желтоқсан 2018 жыл

Отырыс өткен орын: №1жалпы білім беретін мектебі, АКТ залы

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы 1.Л.Шагатаева Кеңес мүшелері:
2. С.Абишов(жеке кәсіпкер) – мүшесі
3. Б.Мырзакулов(жеке кәсіпкер) – мүшесі
4. Г. Конкабаева (жеке кәсіпкер) –хатшы
5. А.Жақан (ата-ана) – мүшесі6.Р.Қойлыбаева (ата-ана қоғамдық кеңесінің төрайымы) – мүшесі
7.А.Мустафаева (ата-ана) – мүшесі, 8. Е.Құдайбергенов (ата-ана) – мүшесі
9. Ж.Абенова (ата-ана) – мүшесі, Меркі АІІБ №1 ЖББМ бекітілген полиция инспекторы Зиятбек Әділет, ДҚТІЖО Таукебаева А, хатшы А.Ойшиева және ата – аналар.

Күн тәртібінде:
1.Мектеп оқушыларының аудандық, облыстық әкім шыршасына қатысуы
2.Оқушылардың мектеп асханасында тегін және ата-ана есебінен тамақпен қамтылуы
3.Оқушылар арасында құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту, қылмыстың алдын - алу, болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар туралы мектепке бекітілген полиция инспекторы Ә.Зиятбектің ІІ- тоқсандағы атқарылған іс – шаралар туралы есебі.
4. Қамқоршылық кеңес құрамына өзгеріс енгізу
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша сөз алған әлеуметтік педагог А.Ойшиева мектеп оқушыларының аудандық, облыстық әкім шыршасына қатысуы туралы баяндады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің шешімімен Президент шыршасына санаты бойынша тұл жетім 5а сынып оқушысы Торемурат Нурдаулет жіберілді. Аудан әкімінің ұйымдастыруымен өткен шыршаға 5 оқушы ұсынылды. Олар: 4 «А»оқушысы Шотай Аяулым, 6 «б» оқушысы Қуаныш Мерлан (жартылай жетім отбасынан 5- сынып оқушылары: Мырзакулов Ансаржан, Шеримбаева Асел (аз қамтылған отбасынан ) 6 «В» оқушысы Крутиков Ядигар («Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі) осы аталған оқушылар аудан әкімінің шыршасына барып сыйлықтарын алып, мерекелік концерттік бағдарламасын көріп қайтты.
Аталған мәселе бойынша екінші болып сөз алған білім ошағы бойынша оқушылардың мектеп асханасында тегін және ата-ана есебінен тамақтануына жауапты маман, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Айбекова 2018 жылдың 29 тамызындағы педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілген 36 оқушының мектеп асханасында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылғанын, қазіргі таңда (бір отбасынан) 4 оқушының басқа мектепке ауысуына байланысты 32 оқушының бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылғанын баяндады, 2018-2019 оқу жылының қараша,желтоқсан айларына балалардың тамақтануына аудандық білім бөлімінен қаржы бөлінгенін,сонымен қатар мектеп асханасының кішкентайлығына байланысты ата-ана есебінен тамақтану жұмысы жүйелі жолға қойылмай отырғанын, асхананың материалдық жабдықталуымен, сыйымдылығы, санитарлық тазалығы туралы айтты.
3-мәселе бойынша мектеп инспекторы Ә.Зиятбек ІІ- тоқсанда атқарылған іс – шаралар туралы баяндады. Өз баяндамасында бүгінгі күнгі білім ошағында оқып отырған оқушылардан Меркі АПБ есепте тұрмағанын айтты. Өгей аке,өгей шеше, ата -апасымен, акпе -ағасымен тұратын оқушылардың үйлері араланып, әлеуметтік тұрмыстық жағдайы тексерілді.
« Мен және менің полиция » атты акция барысында «Кәмелетке толмағандарға қарсы сексуалды зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында жасөспірімдер мен балалардың көшелерде , болмаса басқада қоғамдық орындарда жүріс - тұрысына байланысты дағдыларын нығайтуды және де «Ұлыңды бөтен үйден тойдырма, қызыңды бөтен үйге қондырма» деген тақырыпта оқушыларға сексуалды зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман ойлармен әдеттерден бойларын аулақ ұстап ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат(ша) болып өсуіне ықпал жсау барлығымыздың міндетіміз екенін сонымен қатар, «Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» акциясы өтті. Акция барысында «Айқын бол!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жол ережесін сақтау, жол апатының, жарақаттарының алдын-алу жайында, жол ережелерін бұзбауын,зебралардан өтуін,ол жоқ жағдайда жан-жақты мұқият болуын түсіндіру.
Жол апатынан зардап шеккен адамдар қандай күйде болатынын айта келе алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерімен таныстырып, ауданымызда болып жатқан түрлі жол ережесін бұзушылыққа тоқтала отырып, оқушыларға жолдан өтерде қандай ережелерді білу және орындауы қажет екеніндігін айтты.Жаңа жыл мерекесі қарсаңында және мереке күндері оқушыларды әртүрлі атқыштар (пиротехниникалық заттар), мұз айдынындағы қауіпсіздік, түнгі мезгілдегі уақытта оқушылардың жүруі кафе,тойханаларда жұмыс істемеуі, бақылауға алыну туралы айтылды.Түнгі рейдтер кезекшілік мүшелерімен мен мектеп инспекторы тарапынан бақылау жасау. Жасыл шырша мерекесіне баратын оқушылар қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларға ескерту керектігі айтылды.
4-мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы Шагатаева Л сөз алды:
қамқоршылық кеңес мүшелерін ата-аналар арасынан сайлау, сайланған ата-аналар мектепке демеушілерді тартуы немесе ата-аналар тарапынан демеуші болуы керектігін, Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті.
Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен Қамқоршылық кеңес төрағасы Абишов Сабыр (жеке кәсіпкер)  бір ауыздан сайланды және қамқоршылық кеңес мүшесіне төмендегі құрамда 8 адам бекітілді:
Мырзаханова Айгерим Алтынбековна (жұмыссыз)
Мырзакулов Бакберген Валиханович (жүргізуші)
Бекебаева Гульзагира (жұмыссыз)
Конкабаева Галия (сатушы )
Жазыкбаева Акбупе Сарсеновна (зейнеткер)
Сарсенбиева Набира (ата-ана қоғамдық кеңесінің төрайымы) аспазшы
Мамедова Эсмира Ферузовна ( медбике )
Кыдыркулова Гулмира ( »Алтынай» мейрамханасы админстратор )
Ата-аналар комитетінің төрайымы Сарсенбиева Набира қамқоршылық кеңесінің жаңа мүшелерін қолдап, сайланған кеңес мүшелерін құттықтап, ендігі жолда бір ауыздан кеңес жұмысын дұрыс жүргізейік деп атап өтті.
Отырыс соңында мектеп директоры А.Алтынбаева қатысушыларға есеп жиынына қатысқандарына ризашылығын білдіріп, мектеп инспекторының аз уақыт ішінде атқарған жұмысына оң баға беріп, бала тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі,оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысында барлық сала мамандары бірлесіп жұмыс атқарғанда ғана тиісті нәтиже болатынын айтты.
Шешім:
1. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қыс айындағы демалыс кездеріндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі ата - аналар тарапынан өз жауапкершілігіне алсын.
2.Мектеп асханасында ата-ана есебінен тамақтану жұмысы жолға қойылсын.
3.Қамқоршылық кеңесі 1- қосымшада көрсетілген тізім бойынша бекітілсін

Қамқоршылық кеңес төрайымы:
1.Л.Шагатаева _________________

Кеңес мүшелері:
2. С.Абишов(жеке кәсіпкер) – мүшесі _______________
3. Б.Мырзакулов(жеке кәсіпкер) – мүшесі ________________
4. Г. Конкабаева (жекекәсіпкер) –хатшы__________________
5. А.Жақан (ата-ана) – мүшесі_______________________
6.Р.Қойлыбаева (ата-анақоғамдықкеңесініңтөрайымы) – мүшесі_________________
7.А.Мустафаева (ата-ана) – мүшесі__________________
8. Е.Құдайбергенов (ата-ана) – мүшесі__________________
9. Ж.Абенова (ата-ана) – мүшесі____________________
Хатшы А Ойшиева _________________



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив