Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау (қараша)
2019 жылдың қараша айында бракераждық комиссия мүшелері ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында асхана қызметшілері шеті сынған, жарылған ыдыстарды оқушылар үшін қолдануға тыйым салынатыны туралы біледі және қолданыста жоқ екені анықталды. Барлық жұмыскерлер қолының тазалығына баса назар аударылды, сақина, сағат т.б. заттар анықталған жоқ. Киімі таза санитарлық киімде жұмыс істеуде. Ас блоктарының жұмыскерлеріне санитарлық киімдерінде түйреуіш, ине т.б.заттар анықталмады, арнаулы киімдердің қалталары бос болды.
Ас блогынан шығарда жəне əжетханаға барарда санитарлық киімді шешуі жəне жұмыс басталар алдында, əжетханаға барғаннан соң, əрбір үзілістен кейін жəне лас заттармен жанасқан кезде қолын ықтияттап сабынмен жууға тиіс екендігі тағы бір мәрте ескертілді. Дегенмен, аспазшының шашы қалпақ астынан шығып тұрды және ас блогындағы жұмыскерлерден өзге бөгде жұмысшы сырт киімімен жүргені анықталды. Ескертіліп, есік құлыптанды.