Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау
2020 жылдың қаңтар айында бракераждық комиссия мүшелері ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ас блогының қызметшілерінің киімінің, қолының тазалығына баса назар аударылды. Бет, мойын, қол терісінде жаралар, кесілген жарақаттар, күйіктер анықталмады.
Барлық жұмыскерлер қолының тазалығына баса назар аударылды, сақина, сағат т.б. заттар анықталған жоқ. Киімі таза санитарлық киімде жұмыс істеуде. Ас блоктарының жұмыскерлеріне санитарлық киімдерінде түйреуіш, ине т.б.заттар анықталмады, арнаулы киімдердің қалталары бос болды.
Тексеру барысында асхана іші жарық, еден, терезе алды, үстел үсті сүртілген, терезе ашылып, желдетіліп, тазалық сақталған. Таза асханалық ыдыстарды шкафтарде немесе торларларда сақтайды. Таза асханалық құралдарды залдағы жəшік-кассеталарда саптарын жоғары қаратып қойылған.Подностар əрбір қолданылғанынан кейін сүртіліп құрғатылды. Ұн, жарма өнімдері арнайы эмальді ыдыстарға салынып, қақпағы жабылған. Технологиялық құралдары түгел: электроқуатты пеш, жұмыс үстелі жеткілікті. Қойма бөлмесінде көкөністер: картоп, сәбіз, пияз - орналасу тәртібі дұрыс жолға қойылып, арнайы жәшіктерге орналастырылған, бөгде заттар анықталмады. Ыдыс жуу тәртібі орындалып, ережесі сақталған. Шеті сынған, жарылған ыдыстар табылды, аспазшыға ескертілді. Бірақ, асханада ыдыстардың сынып, құртылуына байланысты ыдыстардың жеткіліксіз екендігі анықталып, сұраныс берілді.