Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Осы орайда, ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні №1 ЖОББМГ – да кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру - мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады.
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні №1 ЖОББМГ – да кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: оқушыларға колледждегі әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктерін жүйелеу, тереңдету. Талапкерлерге қойылатын талаптармен таныстыру. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беру. Кездесу мектептің акт залында ұйымдастырылды.
Кездесуге 9-11 сынып оқушылары қатысты. №9 Меркі колледжінің дәнекерлеу ісі мамандығының өндірістік оқыту шеберлері Сауранов Алмат, электр жабдықтары мамандығының өндірістік оқу шебері Рахметов Жеңіс, токарлық ісі мамандығының өндірістік оқу шебері Избасаров Дихан, ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығының өндірістік оқу шебері Кокаев Ақылжан, Маркім Олжас, Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының арнайы пән оқытушысы Абдельдинова Ақбөпе, және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының арнайы пән оқытушысы Иса Эльмира сынды оқытушы мамандар болашақ кәсіптерін таңдауда кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.