№1 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының 2021-2022 оқу жылында 9 – 11сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
№1 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының 2021-2022 оқу жылында 9 – 11сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Мақсаты: экономика қажеттіліктеріне сәйкес білім алушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына кәсіптік бағдар беру, кәсіптік даярлаудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету. Бейіналды, бейіндік және білім алушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін анықтау.
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы іздемпаздық, дені сау, білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты тұлға ретінде даярлау. Келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі білім алушылар. Сондықтан мектепте беріліетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Осы мақсатта аталған оқу жылына мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспар барысында кәсіптік бағдарлау жұмысы әрбір оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және бейімділігін барынша анықтау мақсатында мектеп психологтары Е.Олжабай мен А.Толганбаева 9-11 сынып білім алушыларына кешенді диагностика, психологиялық тренингтер, тест, анкеталар және кәсіптік әңгіме кеңес беру лекцияларын жүргізді. Мектеп психологтарының көмегімен білім алушылар мамандық таңдай білуге, өзінің қабілеті және бейімінің қай мамандыққа сай келетініне бағыт алып, үйренді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ең үздік мамандық» атты презентация мен бейнетүсірілімдер байқауы ережесіне сай 9-11 сынып білім алушыларына мектепішілік кезеңде аталған тақырыпта байқау өткіздік. Нәтижесінде мектепішілік байқаудан 9 «А» сынып оқушысы Тулыбай Мағрипа - «Бас жүлде», 9 «А» сынып оқушысы Кеңесбай ІнжуІ орын, 11«А» сынып оқушысы Райымжан Айдана- ІІ орын, 11 «Б» сынып оқушысы Бақытбек Еркайым – ІІІ орындарды алды.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған жоспар бойынша 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналары, сынып жетекшілері арасында мектепішілік «Мамандық таңдаудың маңызы» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға балаларына мамандық таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдаған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей, кеңес беретіні. Сондықтан, ата-аналар балаларына дұрыс бағдар беру үшін көптеген дәрістерге қатысып, көзқарасын, ұстанымын дұрыс қалыптастыру керек екенін ДОӘІЖО Ж.Айбекова сөз алып, ой қозғады. Мектеп психологы Е.Олжабай «Мамандыққа бастар 7 қадам» тақырыбында білім алушыларға, ата-аналарға кеңес берді.
Ағымдағы жылдың 10 –желтоқсаны күні мектебімізде кезекті маман иесімен кездесу өткізілді. Кездесуге мектебіміздің түлегі Жамбыл облыстық «Білім шырағы» газетінің бас редакторы Райхан Бостанова шақырылды. Түлектеріміз оқушылармен ой бөлісіп, мектептегі қызықты оқиғаларын естеріне түсірді. Сонымен қатар өздері оқыған сыныптарын аралып көріп, мектепте отырған парталарына отырып сағыныштарын басты. Кездесу кешінің басты мақсаты – түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту. Осы ретте мектеп- гиназиясының директоры Бексұлтанова Мадина Болатқызы игі шараның маңызына тоқталып, жетістікке жеткен әрбір түлек алтын ұя мектебімен тығыз байланыс орнатып, кейінгі жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғау керектігін айтты. «Ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің үміті — сіздерсіздер. Елдің дамуы көп жағдайда сіздерге байланысты. Республика көлемінде жастарға арналған жобалар жүзеге асырылып келеді. Білімді, жан-жақты дамыған азаматқа қажетті рухани құндылықтарды бойларыңа сіңіріп, елдің дамуына, әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруіне үлес қосар сіздерсіздер. Жастар үшін ең үлкен құндылық — білім. Уақытты тиімді пайдаланып, білім алыңыздар. Қазір білім мен ғылымның заманы. Біздің елде жастардың әлемнің ең мықты оқу орындарында білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Мысалы, басқа елдерде жоқ «Болашақ» бағдарламасы арқылы елімізде жыл сайын 3 мыңға жуық жастар білім алып келіп жатыр. Біздің мақсат — балабақшадан бастап болашақ ұрпағымыздың жақсы тәрбие алып, мықты біліммен қарулануына барынша жағдай жасау. Сондықтан заманауи білім мен ғылымды меңгеру керек. Екінші жағынан, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай, халықаралық жағдай шиеленіскен аумалы-төкпелі заманда өз тамырымыздан ажырамай, құндылықтарымызды құрметтеп, ұлттың патриоты бола білу керек», — деді журналист мектеп түлегі Райхан Ильясқызы аталған жиында.
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез - келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.
Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті. Сондықтан сіздерге мамандық таңдау жолында адаспай, өмірден өз орындарыңызды тауып, дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңа шын жүректен тілектеспін.
әлемдік жаһандану заманындағы қиын да күрделі кезеңде Қазақстан мемлекеті қандай ауқымды іс-шараларды қолға алуы қажет, келешекке арналған басты бағыттар мен белгіленген жоспарлардың мәні қандай? Ең бастысы, бүгінгі таңдағы маңызды әрі өзекті мәселе – жастар тәрбиесі, ғылым мен білім беру саласы талапқа сай ма?-деген сұрақтарға тұжырымды да тұшымды жауап беріп, кездесу кешін өз сөзімен қортындылады Райхан Ильясқызы.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша кезекті кездесу 2021 жылғы 22-ші желтоқсаны күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына ұйымдастырылған шекара қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында 2021-2022 оқу жылына оқушылардың кәсіптік негізде өз мамандықтарын таңдау барысында шекара қызметі мамандығын таңдау форматы туралы, тестілеуді тапсыру ережелері, мерзімдері мен ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді. Осындай шаралардың өткізілуі оқуды аяқтаушы түлектер үшін өте маңызды және қажетті болып табылады. Кездесу барысында шекара қызметкерлері мамандығына қатысты сұрақтар қойылып оқу мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынылды. Шекара қызметінің өкілдері оқушыларға шекаралық бөлімдерге жұмысқа орналасу тәртібі, жеңілдіктер, жалақы, әскери қызмет өткеру және шекара қызметіне қажетті мамандықтары жөнінде ақпарат берді.
Мектеп түлектері болашақта оқу және жұмысқа орналастырудың барлық аспектілері бойынша сұрақтар қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.
Кездесу қорытындысы бойынша мектеп оқушылары ҚР Қарулы күштері мен Шекара қызметі қатарында қызмет етуге ниет білдіре отырып, кәсіптік бағдар беру кездесуінің соңында мектеп оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп, мектеп әкімшілігіне өз алғыстарын білдірді.
7-9 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Мен мамандықтар әлеміндемін» атты суреттер байқауы онлайн түрде өтті. Іс-шараны көркем еңбек мұғалімі Сагиев Абай ұйымдастырды. Оқушылар байқаудың мақсаты мен талаптарын ескере отырып, өздеріне ұнаған мамандықтарды таңдап, бейнеледі. Нәтижесінде:
1 орын – Жақып Диас 9Б сынып
2 орын - Оспан Нұрым 8Б сынып
3 орын - Жорабай Досхан 7 А сынып
Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.
2022 жылдың 18- қаңтар күні кәсіби бағдар беру кабинетінің жылдық жоспарынан тыс аудандық өрт сөндіру бөлімінің арнайы мамандарымен 9-11сынып оқушыларына арналған «Өрт сөндіруші маман — құтқарушы маман!» атты кездесу конференциясы өтті. Өрт сөндіруші мамандар арнайы слайдпен видеоролик арқылы оқушыларды жеке құрамымен, олардың арнайы жасақтарымен және өрт сөндіру бөлімшесімен таныстырды. Бөлімше басшысының орынбасары кездесу барысында оқушыларға өрт сөндірушілердің қиын да жауапты қызметінің қыр-сыры туралы әңгімелеп берді. Оқушылар өздерініңсұрақтарын қойып, өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылықтарын жасыра алмады. Іс-шара мақсаты алдын ала жүргізілген «Мен таңдаған мамандық» атты сауалнама нәтижесі бойынша өрт сөндіруші мамандығын таңдап отырған болашақ түлектерге көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алу болды. Аталған мақсат орындалып, кездесу қызықты өтті. Келген қонақтар мектепке экскурсия жасап, алғашқы әскери дайындық пәні кабинетімен танысып аталған мамандықты таңдап отырған оқушыларға өрт сөндіруші мамандығымен бөлісе отырып, шебер — класс көрсетіп, естелік суреттерге түсті.
Мектеп психологтарының жоспарына сәйкес 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін - өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру мақсатында мектеп психологтары А.Толганбаева мен Е.Олжабай "Менің мамандығым" тақырыбында кеңестер беріп, мамандықтарға байланысты видеороликтер көрсетті.
2022 жылдың 12- ақпаны күні №9 Меркі колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Есіңе мені алғайсың...» атты аудандық байқауы ұйымдастырылды. Мектебімізден 7-9 сынып оқушылары қатысып өз бақтарын сынап жүлдемен оралды. 9 «А» сынып оқушысы Бекболатова Нұрсұлу М.Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқуына байланысты 1 орынды иеленді. Сонымен қатар 7-8 сынып оқушылары Аманжол Абылай, Ержанқызы Гүлбақыт, Керімқұл Аянат, Пернебек Таңшолпан, Шерімбаева Әсел, Кикабай Фариза қатысып арнайы сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар ақын сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың...» атты әнін нақышына келтіре орындағаны үшін 7 «А» сынып оқушылары Ерсайн Нұрбақыт пен Тұяқбай Аяулымға барша қатысушылар мен әділ-қазылар тәнті болды.
Наурыз айының 10 күні оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» аты семир өткізілді.
Наурыз айының 10 күні оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» аты семир өткізілді.
2022 жылдың 21 мамыры күні №9 Меркі колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын насихаттау мақсатында, Қазақстанның және бұрынғы КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы әнші Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жылдық мерейтойына арналған «Әдемі-ау» атты аудандық мектеп оқушыларының арасында әндер байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: жастарға ұлттық ән өнерін дамытуға зор үлес қосқан қазақ халқының әншісі Роза Бағланованың өмірімен шығармашылығын таныстыру және мұраларын насихаттау.
Аудандық ән байқуына қатысқан мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Піспекбай Ақниет Серікқызы қатысып «Ән әлемінің падишасы» атты кезеңі бойынша әндерді нақышына келтіре орындағаны үшін ІІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марпатталды. Байқауға қатысушы оқушылардың жетекшілеріне де арнайы алғыс хат табысталды. «Өнерің өрге жүзссін жас өрен»-дегіміз келеді.