«Ақпаратты ұсыну бөлімін қайталау»
Сабақтың басында «Өзіңе тілегенді – басқаларға тіле» стратегиясын қолданып, сыныпта жағымды психологиялық ахуалды туғызды.
Оқушыларды flippity.net қосымшасы арқылы топқа бөлді. Сабақ жарыс түрінде жоспарланғандықтан, топбасшы мен әділқазылар сайланды.
Бағалау парағы топ басшыларына таратылып, топ мүшелеріне жариялы болды.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Ойын кезеңдері:
- кезең «Сәйкесін тап»
- кезең «Кім тапқыр?»
- кезең «Кім жылдам?»
- кезең «Ойлан , топтас»
- кезең «Топбасшылар сайысы»
Ойын кезеңдерінде әртүрлі тәсілдер мен қосымшаларды қолдану арқылы сабақ мақсатына жетті.
- кезеңде «Сәйкесін тап» wordwall қосымшасында оқушылар интербелсенді тақтада көрсетілген тапсырманы орындады.
- кезеңде «Кім тапқыр?» Бұл кезеңде кесте бойынша кесіндіні құрастырады Оқушылар берілген кесте бойынша күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып орындайды.
- кезеңде «Кім жылдам?» Оқушылар Морзе кодымен берілген ақпараттарды кодтады. .
- кезең «Ойлан, топтас» Оқушылар ойлана, топтаса отырып тапсырманы орындайды.
- «Топбасшылар сайысы» Бұл кезеңде тек топбасшылар ғана Plickers қосымшасында тест тапсырды.
Ойын кезеңдері критерийлері бойынша бағаланып, ұпай жиналып отырды.
Сабақ соңында «Ауа райы» әдісі бойынша кері байланыс алынып, әділқазылар бағалауы бойынша жеңімпаздар анықталды.