19
декабрь
2022
"Сабақты тиімді жоспарлау - табысты оқыту кепілі" тақырыбында тарих пәнінің жас мамандарына арналған аудандық вебинар өтті.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Сабақты тиімді жоспарлау - табысты оқыту кепілі" тақырыбында тарих пәнінің жас мамандарына арналған аудандық вебинар өтті.
Вебинар барысында тарих пәні мұғалімі Ж.А Сахова жас мамандарды қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда негізге алатын нормативтік құжаттармен таныстырып, қысқа мерзімді жоспар үлгісін көрсетті. Тарих пәні мұғалімі О.М. Какиева қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру және оқу мақсатына негізделген тапсырмаларды құрастыру жолдары көрсетті. Тарих пәні бойынша жұптық, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар түрлерімен таныстырып, тапсырмаларға бағалау критерийлерін ұсыну жолдары көрсетіліп, өзара, өзін-өзі бағалау жолдары баяндалды. Н.Б.Абишева рефлексия мен кері байланыс айырмашылығын көрсете отырып, түрлері мен әдістеріне тоқталып өтті. Оқу мақсаттарына негізделген жұмыстар жүргізіліп, пән мұғалімдеріне ҚМЖ құруда ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Аудандық вебинарға 16 жас маман, 12 мұғалім қатысты.