Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушылардың оқыту сапасы туралы хабарлама
Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушылардың оқыту сапасы туралы хабарлама
Қаралатын орны: педагогикалық кеңес
Мерзімі: 04.11.2022 жыл
Мектептің жоспарына сәйкес қазан айында денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушылардың білім беру жағдайы зерделенді. Оқуға жарамды даму мүмкіндігі шектеулі 6 оқушы үйде оқыту бойынша білім алуда, 9 оқушы ерекше білім қажет ететін (инклюзивті) оқумен қамтылған.
Зерделеу барысында білім беру мекемелерінің нормативтік құжаттары, типтік оқу жоспарлары, сабақ кестелері, мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары, мұғалімдердің күнделікті сабақ жоспарлары, оқушылардың күнделігі, бақылау динамикасы және жеке құжаттары тексерілді. Оқушылардың үйлерін аралау барысында білім беру процесін ұйымдастыру кезінде, әрбір оқушының сабақ оқитын столының тұсында сабақ кестесінің ата-ана мен мектеп директоры келісіліп бекітілуі, пән мұғалімдерінің ата-ана мен байланыс дәптерінің болуы, барлық оқушылар толық оқулықпен қамтамасыз етілуі зерделенді. Үйде оқитын оқушылардың үйлерін аралап, сабақ кестесі бойынша сабақтардың уақтылы, бағдарламаға сай жүргізілуі тексерілді. Үйде оқытылатын балаларды дистанциялық оқытуды ұйымдастыру кезінде білім беру бағдарламасының игерілуін және жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге жол ашатын оқу-әдістемелік кешен мазмұны мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс. Үйде сабақ беретін әрбір мұғалім баланың дамуы мен білім игеру сапасы жөнінде динамикалық бақылау күнделігін жүргізуі тиіс.
Облыстық психологиялық –дәрігерлік кеңес беру орталығы қорытындысы және ата аналардың өтініші бойынша денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балаларды оқумен қамту мақсатында төмендегі оқушыларға үйде оқыту ұйымдастырылды:
1.Жолдыбай Еркебулан- ЖОБ бағдарламасымен үйде оқытуға 10 сағат бөлінді.
2. Русланқызы Айша – ЖББ бағдарламасымен үйде оқыту -14 сағат;
3. Серікбай Бақытжан - ПДТ бағдарламасымен үйде оқыту 8 сағат бөлінді.
4. Бисен Мерей - ЖББ оқу бағдарламасымен үйде оқытуға 14 сағат бөлінді.
5. Исмаилова Гулсум - ПДТ бағдарламасымен үйде оқыту 10 сағат бөлінді.
6. Абуева Реана - ПДТ оқу бағдарламасымен үйде оқытуға 8 сағат бөлінді.
Оқу жоспарына сәйкес мектеп директорының бұйрығымен денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушыларға төмендегі пән мұғалімдері бекітілді.
№ | Мұғалімнің аты жөні | Пәндері | Жүктеме |
Елеу Жаңылхан | қаз.тілі | 11,5 | |
Ерназарова Сауле | орыс тілі | 5 | |
Адибаева Несіпкүл | ағылшын тілі | 3,5 | |
Бидасбек Айым | ағылшын тілі | 2,5 | |
Бекжанова Назира | орыс тілі | 0,5 | |
Алмышова Жұлдыз | цифрлық сауаттылық | 2 | |
Амантаева Аружан | математика | 5 | |
Исхакова Жеміскүл | химия, биология | 1,5 | |
Сахова Жұлдыз | тарих | 0,5 | |
Абишева Назира | тарих | 1 | |
Нурмухамбетова Шарапат | түзету | 6 | |
Сарсенова Диля | бастауыш сынып | 8 | |
Демесинова Рета | бастауыш сынып | 5 | |
Иманкулова Джамиля | бастауыш сынып | 9 | |
Таукебаева Айгуль | қазақ тілі | 2 | |
Ойшиева Ақмарал | әлеуметтік бағдарлау | 1 | |
Барлығы: | 64 |
Мұғалімдердің арасында жұмыстарын тиянақты жүргізіп, сабақты кесте бойынша өткізіп, жоспарларын әр балаға толық жазып, көрсете білген мұғалімдер. Атап айтқанда, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ерназарова С, қазақ тілі пәнінің Елеу Ж, бастауыш сынып мұғалімі Сарсенова Диля, түзету сабағы Ойшиева А, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Адибаева Н. Ата аналары тарапынан мұғалімдердің үнемі келетіндігін айтып, ризашылығын білдірді. Бұл мұғалімдер сабақ барысында оқушының іс қимылдарын сипаттайтын динамикалық бақылау күнделігін жүргізген және ата-аналар байланыс дәптерлеріне уақытылы қолдары қойылған. Әрбір пән мұғалімдері жылдық күнтізбелік жоспарларына сай, белгіленген сабақ кестесіне сәйкес апта сайын өз сабақтарын жүргізуде. Күнделікті өтілген сабақтары, алған бағалары күнделікке уақытылы қойылған.
Зерделеу барысында кемшіліктерде анықталды. Үйде оқыту бойынша сабақ беретін мұғалімдердің сабақ барысында оқушының іс қимылдарын сипаттайтын динамикалық бақылау күнделігі уатылы жүргізілмеген, ата-аналар байланыс дәптерлерінде уақытылы қол қойылмаған. Атап айтқанда, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бидасбек Айым.
Үйде оқытылатын оқушылардың сабақтары кестеге сәйкес өткізіледі. Өзгерістер мен жіберілген сабақтар болған жоқ. Жеке күнделіктері мен бақылау журналдарында үнемі толтырылады. Барлық сабақтар жеке бақылау журналдарында ата-аналардың қолымен расталған. Оқу процесін ұйымдастыру және ата-аналардан оқыту сапасы туралы ескертпелер болған жоқ.
Қорыта келе, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту мәселесіне мектеп әкімшілігі тарапынан бақылауды күшейту керек. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға мектеп психологтары тарапынан әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсете отырып, жоспарға сай жүйелі жұмыстар жүргізілу тиіс. Мектепте пән мұғалімдері үйде оқитын оқушылармен сабақ өту кезінде дидактикалық материалдар жиі қолдану керек. Оқушыға берілген бағдарламалық-техникалық құралдарын пайдалану денгейін сабақ беру барысында арттыру қажет. Мектеп психологтары үйде оқитын балалармен, олардың ата аналарымен әңгіме немесе жүйелі жұмыстар жүргізіп, үнемі бақылауда болу тиіс.
Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.
№ | Оқушыныңатыжөні | Сыныбы | Оқу бағдарламасы | Берілген техникалық құрал |
1 | Бисен Мерей | 3 Б | ЖББ | Ноутбук |
2 | Серікбай Бақытжан | 4 Б | ПДТ | Планшет |
3 | Жолдыбай Еркебулан | 7 Б | ЖББ | Компьютер |
Ұсыныстар:
- Пән мұғалімдер үйде оқытылатын оқушылардың сабақтарын білім беру платформалардың мүмкіндіктерін пайдаланып өткізсін.
- Үйде оқытылатын оқушыларға мұғалімдердің баруын бақылау, ата-анасымен байланыс жасау қадағалансын.
Орындаған: ДОІЖО Ж.Айбекова