23
декабрь
2022
«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе — оның басқа адамдармен қарым-қатынасы», — демекші, педагог өміріндегі ең тамаша нәрсе – ынтымақтастық қарым-қатынасы
«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе — оның басқа адамдармен қарым-қатынасы», — демекші, педагог өміріндегі ең тамаша нәрсе – ынтымақтастық қарым-қатынасы. Мұғалімнің оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуы — оқу үрдісін тиімді ұйымдастырып, тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, әрбір оқушының білім игеруде мақсатты деңгейде меңгеріп, алған білімдерін әрі қарай дамытуына мүмкіндіктер туғызады. Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында. Сондықтан, ол жан дүниесі мен ғана емес, тартымды бейнесімен де әдемі көріне білуі керек. Осы мақсатта 2022 жылдың 23 желтоқсаны күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Маукебаева мен Ж.Сексенбаева педагогикалық ұжыммен «Педагогикалық әдеп және мәдениет» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг нейросәлемдесуден басталып, жағдаяттық тапсырмалар топтарда талданып педагогтар ұтымды жауаптарын ортаға салды