« Ата-ананың өнегелі тәрбиесі - баланың бақытты болу кепілі» атты дискуссиялық алаң ұйымдастырылды. » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Ата-ананың өнегелі тәрбиесі - баланың бақытты болу кепілі» атты дискуссиялық алаң ұйымдастырылды.
18
февраль
2022

« Ата-ананың өнегелі тәрбиесі - баланың бақытты болу кепілі» атты дискуссиялық алаң ұйымдастырылды.

№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ақпан айының18-күні 6-8 сынып оқушыларының ата-аналарымен онлайн форматта           « Ата-ананың өнегелі тәрбиесі - баланың  бақытты болу кепілі» атты дискуссиялық алаң ұйымдастырылды.
Дискуссиялық сабақтың мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру.
Күтілетін тәтиже: Ата-аналар мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігі өздерімен бірлескен әрекетте ғана болатынын және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқаратынын түсінеді. Алғашқы сөз кезегін мектеп директорының құқықтық-тәрбие жөніндегі орынбасары Таукебаева Айгүл Арипқызы ашып,                              «Отбасы құндылығы» тақырыбында хабарлама жасады.  Отбасы- ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізетіндігін атап өтті. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажеттігін, толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке - бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшелерінің құқығы қорғалуы тиіс екендігін сөз етті. Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін,      өз ұлтының салт-дәстүрін,сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болатындығын, бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіретіндігін айтты.  Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлердің мол екендігін, сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын тауып отырғандығын,отбасында халықтық рухани-интеллектуалдық мұраларды, мәдени құндылықтарды жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу - өмірдің талабынан туындап отырғандығын, сондықтан отбасы құндылықтарын сақтап, бала тәрбиесіне аса мән беру керектігіне тоқталды...
Ата-аналарды  8 «А» сыныбының сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразбаев Ержан мазмұнды бяндамамен таныстырып,  ата-ана мен балалардың өзара қарым-қатынасы туралы  ой -толғаныс жасап, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. 6 «Б» сынып жетекшісі Меркібай Алтынай мен 8 «Б» сыныбының жетекшісі Қоқанбаева Альбина да өздерінің ата-аналарымен онлайн түрде сұрақтарына жауап берді. Отбасы адамзат бесігін тербеткен            ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана.  «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив