01
ноябрь
2023
"Табысты сабақты жоспарлауда тиімді әдіс- тәсілдерді саралау" тақырыбында коучинг өткізілді
"Табысты сабақты жоспарлауда тиімді әдіс- тәсілдерді саралау" тақырыбында коучинг өткізілдіАғымдағы жылдың 1 қарашасы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сексенбаева Жанар Мухтаровна "Табысты сабақты жоспарлауда тиімді әдіс- тәсілдерді саралау" тақырыбында коучинг өткізді. Мақсаты: білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру,оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру. Коучинг барысында мұғалімдер "Қабырғадағы сұрақтар" әдісі арқылы өз ойларымен бөлісті. Жұмыс барысында топтық,жұптық,жеке де жұмыстар болды.