26
январь
2024
" Үздік авторлық бағдарлама- 2024" мектепішілік байқау
2024 жылдың 26 қаңтар күні оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес пән мұғалімдер арасында " Үздік авторлық бағдарлама- 2024" мектепішілік конкурсы өтті.Конкурстың мақсаты- оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.Конкурсқа 5 мұғалім қатысты: математика пәнінің мұғалімі Бекжанова М.Ш., орыс сыныптарыңдағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арыстанбекова И.А., физика пәнінің мұғалімі Бердибаева Ш.С., бастауыш сынып мұғалімдері Демесинова Р.А., Курбанова З. Ю.Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.