Әдістемелік жұмыс
Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№1 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2017-2018 оқу жылы
Қазақстан халқы тілдер күнін мерекелеуге байланысты өткізілген іс-шаралар
№1 орта мектебінде Қазақстан халқы тілдер күнін мерекелеуге байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалынып, мектеп директоры тарапынан бекітіліп, мектеп ұжымы таныстырылды. Жоспарға сәйкес ағылшын пәні мұғалімдері Г.Ахтамбердиева, А.Асан ұйымдастыруымен «Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың» атты ауызша журнал түрінде мерекенің ашылуын өткізді.
Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да, парасатты азамат етіп, елімізде тұрып жатқан әрбір жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтастыққа, досттыққа тәрбиелеу мақсатында «Тіл – болмыс айнасы» атты тақырыпта мектеп кітапханасында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Маукебаеваның жетекшілігімен «Тілім –өлшеусіз қазынам» атты 7-11 сыныптар арасында эссе байқауы болып өтті.
Байқау нәтижесінде тіліміздің Мәңгілік тіл екенін ерекше сезіммен жеткізе білген Болатхан Жайна І орынды иленді.
«Тіл – халықтың жүрегі» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға, Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру мақсатында «Сүйемін туған тілді, ана тілін» атты кездесу И.Арыстанбекованың ұйымдастыруымен өте тамаша өтті.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылығын арттыру, поэзияға қызығушылығын ояту, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында«Жас тілші» танымдық байқауын Н.Адибаева, Н.Жанғазиева ұстаздарымыз 6 –сыныптар арасында өткізді.
«Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын болып өтті.
Байқауда мектеп оқушылары «Үш бақытым» «Отан», «О,туған жер!», «Түркістан» т.б. тақырыпта қазақ халқының ақындары жазған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Өмір, атамекен, туған жер, отан қоғам жайлы терең ой салар байқау болды.Байқау қорытындысында 6 А сынып оқушысы Валихан Құндыз бірінші орынды, 6 Б сынып оқушылары Мұхамед Данияр, Мырзабай Жанерке екінші орынға ие болды , 7А сынып оқушылары Ырысбаева Гүлнұр,Отанбек Арай үшінші орын табыс етілді.
оқушыларымен А.Артаева «Тұрсынбек Кәкішев – зерттеуші» тақырыбында өткізген радиохабары өзіндік ерекшеліктерімен есте қалды.