14
ноябрь
2018
Тілдер мерекесінің өткізілуі туралы мәлімет
2018 жылдың 15-20 қыркүйек аралығында «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілді. Жоспарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестігінің мұғалімдері қамтылды.
Жоспарға сәйкес қазақ тілі пәні мұғалімдері Ж.Елеу, А.Алишева, Қ.Байғараеваның ұйымдастыруымен «Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың» атты ауызша журнал түрінде мерекенің ашылуын 5-11 сынып оқушылары арасында өткізді.
Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да, парасатты азамат етіп, елімізде тұрып жатқан әрбір жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында «Тіл – болмыс айнасы» атты тақырыпта мектеп кітапханашылары Ф.Умбеталиева, С.Мауленқұлова мектепте кітаптар көрмесін өткізді.
«Тіл – халықтың жүрегі» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Г.Маукебаева және Г.Тлеубердиева ұйымдастыруымен «Тілім –өлшеусіз қазынам» атты эссе байқауы өзіндік пікірлер келтірген, тезистерін нанымды дәлелдермен растаған, нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерінен құралған критерийлер бойынша жазылған жұмыстар нәтижесінде орыс тілі пәні бойынша 9 «А» сынып оқушысы Казбек Елдана І орын, 9 «А» сыныбының оқушысы Асқарбай Шолпан ІІ орын, 9 «Б» Советбек Аружан, қазақ тілі пәні бойынша 9 «А» сынып оқушысы Болатхан Ақбота, 5 «А» сынып оқушылары Жұбатқан Нұрсауле, Абдықұл Дамира ІІ, ІІІ орындар иеленді.
Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға, Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру мақсатында «Сүйемін туған тілді, ана тілін» атты кездесу И.Арыстанбекова, С.Алиеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларының арасында өткізілді.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылығын арттыру, поэзияға қызығушылығын ояту, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында «Жас тілші» танымдық байқауын Г.Қасқарауова 5-7 сыныптар арасында өткізді.
«Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын болып өтті.Байқауда мектеп оқушылары «Үш бақытым» «Отан», «О,туған жер!», «Түркістан» т.б. тақырыпта қазақ халқының ақындары жазған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Өмір, атамекен, туған жер, отан қоғам жайлы терең ой салар байқау болды.Байқау қорытындысында 7 А сынып оқушысы Валихан Құндыз бірінші орынды, 7 Б сынып оқушылары Мұхамед Данияр, Мырзабай Жанерке екінші орынға ие болды , 7 А сынып оқушылары Ырысбаева Гүлнұр, Отанбек Арай үшінші орын табыс етілді.
Сондай-ақ, «А.Байтұрсынов –көсемсөз шебері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж.Нурланкулова, А.Артаева 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі-А.Байтұрсынов туралы бейнеролик көрсетіп, өлеңдерін жатқа оқып, өмірбаяны туралы хабардар болды.
«Халықтар достығының алтын кілті» тақырыбындағы достық фестивалінде мектеп оқушылары үш тілде өлеңдер оқылып, әндер айтылып, сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен өзге ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетін мән-мағынасын, өнерлерін слайд арқылы көрсете білді.