30
октябрь
2020
«Ең үздік кітап оқитын мектеп»
Білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы, рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу - тәрбие құралы бұл теңеулердің барлығы бір ғана құндылыққа, яғни, кітапқа тән айтылған тіркестер. Осы орайда, мектеп-гимназиясының тәрбие жоспарына сәйкес, кітапхана оқырмандарын рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, оқушылар мен жастар ортасында кітап оқуды тиімді насихаттау мақсатында, №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты мектепішілік байқауы болып өтті. Қатаң санитарлық-талаптарды сақтай отырып өткізілген байқаудың бірінші және екінші кезеңі видеороликтер бөлімінің кезеңінен іріктеуден өткен оқушылармен байқаудың үшінші кезеңі "Сөз маржанын терейік!" мақал-мәтел жарысы, төртінші кезеңі "Ізден, талаптан оқырман" атты "Әдеби джем" ойыны арқылы қатаң санитарлық-талаптарды сақтай отырып өткізілді. Байқау нәтижесінде: аудандық байқауға қатысу жолдамасына 9 "А" сынып оқушыларыЖолдасбек Амина, Кайроллаева Назым ие болды