Отбасы – бұл қоғамның негізі. » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отбасы – бұл қоғамның негізі.
16
ноябрь
2021

Отбасы – бұл қоғамның негізі.

№1 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында «Бақытты бала- бақытты ана-бақытты ел» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.Кездесудің мақсаты: мектеп пен ата-ана арасына байланыс орната  отырып,   ата-ана үннің тындай отырып, саналы ұрпақ тәрбейлеу болып табылды. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты екендігі, адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталатындығы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасатындығы сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүретіндігі алға тартылды. Бұл іс-шараға оқушылардың ата-апалары мен жас ата-аналар шақырылды.Осы іс-шарада қарияларымыздың жас ата-аналарға бала тәрбиесінде берер ақыл кеңестері көп болды. 
Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
 Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив