18
март
2019
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу
2019 жылдың 14 наурыз күні «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбы бойынша кездесу өткізілді. Меркі ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі
Ахмедов Нұржан Әмірханұлымен, Меркі ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі
Мукаев Абдукарим Сагитовичпен және Меркі АПБ-ң ЖПҚБ ЮПБ-ң инспекторы полиция майоры Дауренбеков Бектас
Бейсенбайұлымен кездесу өткізілді. Осы кездесуде, оқушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтары мен міндеттері, жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істеген үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.
Оқушылардың саяси-құқықтық сауатын көтеру мақсатында осындай шаралардың жиі өтукізілуі қажет. Өйткені құқықтық сауатты, зерделі ұрпақ- бұл біздің болашағымыз!