23
февраль
2022
«Жақсы қасиет отбасынан дариды»




Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке үйрету.
Қазақ халқы ертеден адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.