07
октябрь
2022
«Бақытты балалық» тәрбие сағаты
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2022 жылдың 7 қазан күні 5-8 сынып оқушыларымен «Бақытты балалық» тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға қылмыс туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуіне тәрбиелеу болып табылды