21
октябрь
2022
Құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың,тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгез қараудың алдын алу
2022 жылдың 21қазан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың,тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгез қараудың алдын алу, өмірлік қиын жағдайда өмір сүріп жатқан отбасыларын анықтау мақсатында күндізгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейд барысында Сарымолдаев ауылдық округі, Садовая11 үйде 4 баласымен жалдамалы пәтерде тұрып жатқан отбасы анықталды. Отбасына әлеуметтік көмек көрсету үшін демеушілер ұйымдастырылып, әлеуметтік көмек көрсетілді. ҚР Әкімшілік Кодексінің 127,442 баптары туралы ақпарат берілді.