👵🏻👴🏼👩‍👩‍👧‍👦👨‍👩‍👧Ұрпақ тәрбиесі-болашақ тірегі » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 👵🏻👴🏼👩‍👩‍👧‍👦👨‍👩‍👧Ұрпақ тәрбиесі-болашақ тірегі
15
октябрь
2022

👵🏻👴🏼👩‍👩‍👧‍👦👨‍👩‍👧Ұрпақ тәрбиесі-болашақ тірегі

👵🏻👴🏼👩‍👩‍👧‍👦👨‍👩‍👧Ұрпақ тәрбиесі-болашақ тірегі

Еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы отбасы мәдениетін қалыптастыру, ата-аналарға педагогикалық-психологиялық тұрғыда көмек көрсету еліміздегі бала құқықтарын, білімі, денсаулығы, өзекті мәселелерді көтеру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясында
"Сенімен болашақ" Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің, Жамбыл облысы, бала құқықтарын қорғау уәкілі Бағжанов Дәурен Орайұлы келіп ата-аналармен кездесу өткізілді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігінің балалардың құқтарын қорғау комиссия хатшысы Қ.Шырышбаева,аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ полиция майоры Д.Омарова, Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскерлері С.Метеркулова,А.Тулетбек,
аудандық "Ұшқын" жастар денсаулық орталығының психологі А.Метеркулова, аудандық "Жастар" ресурстық орталығының жетекшілері, білім беру мекемелерінің педагог- психологтар қатысты.

Бірлестіктің негізгі қағидалары- .Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде бірлестіктің филиалдары бар.
Бүгінде 40 мыңнан аса ата-ана бірлестік мүшелері атанды.
Кездесуде бала тәрбиесіне байланысты көп әңгімелер айтылды.
Бұдан кейін" Асыл Арман " облыстық орталығының төрайымы, психолог Марал Хантөреқызы, ата-аналар мен балалары арасындағы, әркім білуі тиіс, көптеген жағдаяттарды слайдтар арқылы кеңінен тоқталып өтті. Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Сәуле Метеркулова кездесуді қорытындылап, отбасындағы әкенің рөлі, ананың рөлі, бала тәрбиесіне ерекше ықпалы жайлы тоқталды. Қатысқан ата-аналар кездесуді ұйымдастырған
" Сенімен болашақ" бірлестігінің мүшелеріне рахмет айтты, кездесу ұнады деп, ризашылығын білдірді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив